понедельник, 9 октября 2017 г.

«Рухани жаңғыру жолында»

6 қазан күні М . Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада «Рухани жаңғыру жолында» атты Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын түсіндіру бойынша саяси дайджест өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушыларды Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру » мақаласымен таныстырып, мазмұнын түсіндіру, патриоттыққа тәрбиелеу. Шараға №41ЖББОМ 9-сынып оқушылары мен кітапханашысы қатысты. Шара барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы туралы ақпараттар беріліп, оқушылардың назарларына бейнероликтер көрсетілді. Сұрақ-жауап бөлімінде оқушылар латын тіліне көшу мәселесін қызу талқылады.






Комментариев нет:

Отправить комментарий