понедельник, 9 октября 2017 г.

«Ерте-ерте ертеде, құстар, аңдар, балықтар...»

4 қазанда №12 балалар кітапхана-филиалы облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттың даму қабілеті шектеулі балалары үшін Бүкіләлемдік жануарларды қорғау күніне арналған «Ерте-ерте ертеде, құстар, аңдар, балықтар...» атты ақпарат күнін өткізді. 
Шараның мақсаты: жаңа әдебиеттермен таныстыру, балалардың назарын жануарларды қорғау проблемасына аудару. Шараға жаңа әдебиеттер мен тірі табиғат туралы анықтамалардан тұратын ашық көрме ұйымдастырылып, ауызша библиографиялық шолу өткізілді. Шара барысында «Тірі табиғат» және «Ғажайып кітапшалар – ғажайып балаларға» атты әдебиеттердің ұсыныс тізімімен таныстырылды. Барлығы 80 адам қатысты, 106 басылым ұсынылды, 500 басылым қаралды.








Комментариев нет:

Отправить комментарий