понедельник, 25 сентября 2017 г.

«Ахмет Байтұрсынов жазуы және емле ережелерінің тарихы»

2017 жылдың 22 қыркүйек күні М.О. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада тілдер күніне арналған «Ахмет Байтұрсынов жазуы және емле ережелерінің тарихы» атты тарихи зеттеу сағаты өткізілді. 

Шараның мақсаты: қазақ халқының саяси-әлеуметтік, мәдени-тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы жасаған қазақ жазуы мен ережелерінің тарихымен таныстыру, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу. Іс – шараға инновациялық технологиялар колледжінің студенттері мен КОПЖТ -9-17 тобының кураторы Рахимжанова А.Б. қатысты. Шара барысында оқу залының кітапханашылары Ахмет Байтұрсынұлының өнегелі өмір жолы туралы, жазу және емлесі туралы тілдік мұралары жөнінде деректер берді. «Ахмет Байтұрсынов жазуы және емле ережелерінің тарихы» атты кітап көрмесіне шолу жүргізілді, « Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолы» және «Ахмет Байтұрсыновтың мұрасы» атты бейнероликтер көрсетілді. Куратор Рахимжанова А.Б қоғам қайраткері туралы өз пікірін білдірді.





Комментариев нет:

Отправить комментарий