вторник, 15 ноября 2016 г.

15 қараша – Қазақстанның ұлттық валюта күні



Теңге – Тәуелсіз  Қазақстанның  алғашқы  ақшасы. 15 қараша  –  Қазақстанның  ұлттық  валюта  күні , Ұлы  мереке  ел  Тәуелсіздігінің  25  жылдығына  арналған  «Теңге – ұлттық  валюта» тақырыбында  танымдық  ойын   өткізілді. №15 кітапхана – филиалы  ұйымдастырған  бұл шарада төл  теңгеміздің  тарихы, оның  мән-маңызы  кеңінен сөз болды. 
Шараның  мақсаты  – Оқушыларға  ұлттық  валюта  теңгенің  рөлі  мен орнын  түсіндіру. Оқушылардың  туған  жеріне, еліне  деген сүйіспеншілігін арттыру, еліміздің  өркендеуіне  өз  үлесін  қосуға  ықпал ету,еңбексүйгіштікке, адамгершілікке  тәрбиелеу. Патриоттық  сезімдерін ояту.Ұлттық  валютаның  тарихы  туралы  кітаптармен  таныстыру.  Теңгенің  Тәуелсіз  Қазақстан  үшін  маңыздылығын, қоғамдағы  рөлін, сондай-ақ  оның  тарихын  оқушыларға  насихаттау  мақсатында  ұйымдастырылған  шараға  №58 мектептің  9 сынып оқушылары  мен кітапхана  оқырмандары  қатысты. Шара  Қ.Аманжоловтың  «Қазақстан»  деген   өлеңімен  басталып, оқушылар  «Қазақстан  Республикасы»  деген   ұғымға  байланысты   өз  ойларын  білдіріп   және  мынадай  жауаптар  алынды : «Дала, Астана, Елбасы, Ту, Елтаңба, Әнұран, Теңге  және т.б.». Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі  дайындаған  плакаттар  төлемнің  барлық  түрлеріне  қабылданатын  банкноттар, банктер  айырбастайтын  банкноттар, төлемге  жарамсыз  банкноттар,  банктер  айырбастайтын  монеталар,  төлемге  жарамсыз  монеталар   туралы   ақпарат  берілді. Оқушыларға 10 секундқа ақшалар таратылды .Олар  5 минутта банкноттарда  не  бейнелгенін  қағаз  бетіне  түсіру  болатын. Көп  бейнелерді  дұрыс  салған  оқушылар  жеңімпаз  атанды. Оқушылар  мынадай  викторина  сұрақтарына  жауап  берді: «Ақша» сөзі  қай  сөзден шыққан? (түрік сөзінен «теңге») Ұлттық валютаның ерекшелігі. (Екітілде) Теңгенің енгізілген уақыты.  (Дүйсенбі, 15 қараша 1993 жыл)  Викторинаға  қатысып  белсенділік   танытқан   қатысушылар - Қуатбеков А, Төлеуханов М,  Елубаева А,  Каримов Ш.  Жүлделі  монеталар , мерейтойларға  арналған  монеталар , 2016 жылы  Әбілқайыр  ханға, Әлихан  Бөкейхановтың  150  жылдығына, Хамит  Ерғалидың  100  жылдығына     шығарылған  монеталарды   тамашалады.Оқушылар  кітаптар  мен   мерзімді  басылымдар , кітапшалар  қойылған  «Теңге – ұлттық  валюта»  атты  көрмемен  танысты. Қазақстанның  теңгесі  барлық  талаптарға  сай  шығарылуда. Олардың  қорғаныс  қабілеті , дизайны  озықүлгіде  жасалған. Көптеген  ірі  байқауларда  төл  теңгеміздің  үздіктер   қатарынан   көрініп  жүргенін  мақтан  етеміз.    



                                                                                                            

Комментариев нет:

Отправить комментарий