среда, 4 октября 2017 г.

«Асқар тау алыстаған сайын айқын көріне түседі...»


28 қыркүйек күні М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімі «Сарыжайлау» кинотеатрында М.О Әуезовтың туғанына 120 жыл толуына орай «Асқар тау алыстаған сайын айқын көріне түседі...»» атты ақпараттық сағат өткізді.

Шараның мақсаты: Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің шығармашылық танымдарын толықтырып, өмірбаянымен таныстыру. Шара барысында деректі фильм ұсынылып, оқушылармен «сұрақ-жауап» диалогы жүргізілді.
27 қыркүйекте №27 кітпахана-филиалының оқу залында №83 ЖББОМ 9 сынып оқушылары үшін «Мұхтардың сөнбес жарығы» атты әдеби кеш өткізілді. Шараның мақсаты: оқушыларды белгілі жазушы, драматургтың өмірбаянымен таныстыру, ұрпаққа мұра болып табылатын шығармаларына насихаттау. Кітапханашы жазушының өмірбаянымен, шығармашылық жолымен таныстырды. Жазушының Сталин мен Ленин сыйлығын иеленуіне себеп болғанген «Абай жолы» романына талдау жасалды.
23 қыркүйекте №11 балалар кітпахана-филиалында «Сарыарқа кітапханасы» топтамасының презентациясы өткізілді. Шараның мақсаты: Сарыарқаның табиғатымен таныстыру, туған жерге деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты тәрбиелеу, Қазақстанның мәдени мұрасына айналған кітаптарды насихаттау. Шараға «Сарыарқа кітапханасы» топтамасының экспозициясы мен «Сарыарқа – туған үйіміз» атты кітап көрмесі безендірілді. Барлығы 30 басылым ұсынылды. Презентация барысында оқырмандар Сарыарқа даласына виртуалды саяхат жасады, ақын-жазушылар мен мәдениет қайраткерлерінің шығармалар жинақтары мен тақырыптық, авторлық кітаптармен танысты.
28 қыркүйекте №22 кітпахана-филиалында Жазушы Шерхан Мұртазаның туғанына 85 жыл толуына арналған «Көрікті сөзбен көркем сурет салған» атты әдеби вернисаж өтті. Шараның мақсаты: оқырмандарды жазушының өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстыру, оқушылардың бойында еліміздің Шерхан Мұртазадай атақты, дарынды адамның болғанына мақтаныш сезімін ояту. «Соғыстың соңғы жесірі» атты кітабына талдау жасалып, жазушының әр жылдары жазылған әңгімелеріне шолу жүргізілді. Жазушының соңғы жылдары халықтық қалпымыз бен салтымыз хақында, жұрттық келбетіміз турасында, ұлттық рух пен намыс жайында, кеше мен бүгінді және ертеңгі болашақты жалғастыра отырып жазылған «Бір кем дүние» атты ойтолғауын оқуға кеңес берілді. Тақырыптық сөреге шолу жасалды.

Комментариев нет:

Отправить комментарий